Шымкентте жатақхана өртенді
Шымкентте жатақхана өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
12:39 08.06.2019
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 45 пәтерлі жатақханада өрт шыққаны туралы хабарлама таңғы 5:39-да келіп түскен. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткенше 33 адам қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Төтенше жағдайлар қызметкерлері 2 адамды эвакуациялады.
«Өрт жалпы көлемі 702 шаршы метрді құрайтын бір қабатты ескі жатақханадан шыққан. Ол бұрынғы қорғасын зауытының жатақханасы. Ғимараттың 240 шаршы метрді құрайтын шатыры жанғаны белгілі болды. Өртті сөндіруге 53 адамнан құралған жеке құрам мен 10 техника, Полиция департаментінің жеке құрамында 30 адам мен 7 техникасы жұмылдырылды. Жалынның беті 06.14-те қайтарылып, сағат 06.58-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!