{metadescription}
Алматыда электрик токқа түсіп мерт болды

Алматыда электрик токқа түсіп мерт болды

Оқыс оқиға кеше күндізгі сағат 13:40-та болған.

«Кеше сағат 13:40-та Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев даңғылы мен Жиенқұлов көшесінің қиылысындағы тоқ желісін тарту бекетінде «АЖК РЭС-5» АҚ  электромонтерын жұмыс барысында ток соғып, ол оқиға орнында қаза тапты. Кейін анықталғандай, ол 1990 жылы туған Аташев Д.А. атты азамат болып шықты. Бүгінде өлімге әкелген төтенше жағдайдың салдары тексерілуде. Оқиға орнына 10 төтенше жағдай қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды», - деді В. Беккер ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы дәл сол күні осыған ұқсас оқиғаның Алматы облысында да тіркелгенін айтып өтті.

«Кеше сағат 10:15-те Алматы облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы 8 наурыз көшесінде орналасқан 57-үйдің жанындағы трансформатор бекетінде жөндеу жұмысы кезінде тағы бір электромонтер токқа түсті. Зардап шегуші бүгінде ауруханада жатыр. Жедел тексеру барысында оның 1968 жылы дүниеге келген Алакөл ауданында тұратын Жапабаев Е.Т. атты азамат екені анықталды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Оқиға орнына 4 төтенше жағдай қызметкері мен бір техника тартылды», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде