Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ertis ФК бас бапкері болып Милан Миланович тағайындалды
Сербиялық маманмен келісім-шарт биылғы маусымының соңына дейін жоспарланған.
17:37 08.06.2019
Павлодарлықтардың жаңа жаттықтырушысын жұртшылыққа облыстық футбол федерациясының президенті Ойрат Сәдуов пен Ertis ФК спорттық директоры Эдуард Глазунов таныстырды.
«Облыс әкімі сенім білдіріп, клуб басшылығы дәстүрлері қалыптасқан клубқа жұмысқа шақырғанына алғыс білдіремін», - деді Ertis ФК бас бапкері Милан Миланович.
Ertis мықты клуб екенін және команданың чемпионатта қандай ауыр жағдайға тап болғанын айттты. Дегенмен, команда турнир кестесінде көтерілетініне сенетінін білдірді. Сөзінің соңында команданың жаңа бапкері жанкүйерлерден қолдау көрсетулерін өтінді.
Милан Миланович 1963 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Футболшы кезінде белградтық «Чукаричкиде» ойнаған. Жаттықтырушылық қызметті 90-жылдардың басында Фарер аралдарының «ВБ Вагур» және «Тверойри» командаларында бастаған. Одан бөлек, молдовалық «Шериф», сербиялық «Раднички» және Сербияның жасөспірімдер құрамасын баптаған. Милановичтің ең ұзақ (68 матч) жаттықтырған командасы белградтық «Земун» болды. Милан Миланович соңғы жұмыс істеген жері Сурдулицаның «Радник» клубы болды. Маманның қарамағындағы команда 2018-2019 жылғы футбол маусымында 10-орында тұрақтады.
Дереккөз: pavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram