Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бүгін - Қазақстанда президент сайлауы
Бүгін әр азамат өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асырады.
08:05 09.06.2019
2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, отставкға кететінін мәлім етті. Конституция бойынша мемлекет басшысының міндеті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. 2019 жылдың 9 сәуірінде Тоқаев халыққа үндеу жариялап, кезектен тыс президент сайлауын 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі. Президенттікке кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталды.
Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:
Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
"Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
"Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Президенті сайлауының қорытындысы
Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауы тиiс. Сайлаудың алдын ала қорытындысы 10-11 маусымда шығарылады. Сайлау қорытындылары туралы хабар сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram