{metadescription}
Головкин «Канеломен» кездесуге дайын екенін айтты

Головкин «Канеломен» кездесуге дайын екенін айтты

Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Стив Роллсты жеңген Геннадий Головкин қыркүйекте рингке шығатынын мәлімдеді.

Кәсіби бокстағы 39-шы кездесуін жеңіспен аяқтаған Головкин бокс кешін қорытындылап, сұхбат берді. Ол қыркүйек айында «Канеломен» кездесуге дайын екенін жеткізді.

«Мен өзімді жақсы сезініп тұрмын. Алдымен, мені қолдауға келген жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Мен бастапқыда Стив Роллсты бақылауға алдым, қашықтықты сақтап бір-екі раунда айқасуға мүмкіндік бердім. Ол нашар көрінген жоқ. Бірақ, оның соққыларын сезбедім. Мен рингке қайта оралдым. Өзімді тинейджер ретінде сезінемін. Енді кіммен рингке шыққым келетінін жақсы білесіздер. Қыркүйекте Сауль Алваресті кездесуге шақырамын. Үлкен шоу көргілеріңіз келсе, «Канелоға» осыны жеткізіңіздер. Мен өткен екі бокстан соң үлкен қорытынды жасадым. Қолдауларыңызға рахмет», - деді Головкин.

Еске салсақ, Геннадий Головкин қарсыласы Стив Ролсты төртінші раундта сұлатып түсірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде