{metadescription}
Еуро-2020: Қазақстанның Бельгияға қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды

Еуро-2020: Қазақстанның Бельгияға қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды

Футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңіндегі үшінші тур ойынында Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы шығатын құрамы белгілі болды.

Біздің құраманың бас бапкері Михал Билек қақпаны Дмитрий Непогодовқа сеніп тапсырса, қорғаныста Абзал Бейсебеков, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, және Александр Марочкин  - Исламбек Қуат ойнайды.  Ал жартылай қорғаныста Юрий Перцух, Максим Федин, Георгий Жуков, Ян Вороговский жасыл алаңға шықса, шабуыл шебінде Тоқтар Жанғылышбай өз шеберлігін көрсетеді.

Қосалқы құрамда қақпашылар - Стас Покатилов пен Игорь Шацкий болса, Тимур Досмағамбетов, Ғафуржан Сүйімбаев, Олжас Керімжанов, Елдос Ахметов, Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Абат Айымбетов және Бауыржан Тұрысбек бар. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Айта кетерлігі, біздің құрама сапында жасыл алаңға шығатын футболшылардың барлығы аталмыш ойындарға қатысқан жоқ.

Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес алғашқы минуттан қақпаға Тибо Куртуаны шығарса,  қорғаныста Венсан Компани, Ян Вертонген, Тоби Алдервейрелд сынды жігіттерге сенім білдірді. Ал жартылай қорғаныста Аксель Витсель, Кевин де Брюйне, Торган Азар, Тимоти Кастань ойнаса, шабуылда Эден Азар, Дрис Мертенс, Ромелу Лукаку бой көрсетеді. Олардың қосалқы құрамында қақпашылар Симон Миньоле мен Матц Селс, ойыншылар - Леандер Дендонкер, Томас Вермален, Тома Менье, Янник Карраско, Юри Тилеманс, Деннис Прат, Ханс Ванакен,Кристиан Бентеке, Миши Батшуайи, Дивок Ориги бар. Бельгия құрамасының алғашқы минуттан өздерінің тәжірибелі ойыншыларына сенім артып отырғанын көрсетті. Өйткені, олардың барлығы - әлемнің үздік клубтарында бақ сынап жүрген футболшылар.

Бұған дейін екі құрама төрт мәрте кездесті. Оның екеуінде тең нәтиже тіркелсе, екеуінде қарсыластарымыз үш ұпайды олжалады. Айта кетерлігі, қос құрама бұған дейін тек Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңдерінде жолыққан. Алдымен 2006 жылдың 16 тамызында біздің жігіттер Бельгияда аталмыш қарсыласымен 0:0 есебімен тең ойнады. Ал 2007 жылдың 12 қыркүйегінде біздің алаңда өткен кездесуде қос құрама 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Сол жолы А тобындағы сегіз құрама арасында Бельгия - 5, Қазақстан 6 орынға ие болды. Айта кетейік, біздің құрамаға 2006-2008 жылдарда голландиялық маман Арно Пайперс жетекшілік етті. Бұдан кейін екі құрама 2012 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінде тағы да А тобында жолықты. 2010 жылдың 8 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында өткен ойында Бельгия құрамасы 2:0 есебімен басым түссе, 2011 жылдың 8 маусымында олар өз алаңында 4:1 есебімен жеңіп кетті. Бұл жылдарда неміс Бернд Шторк пен чех Мирослав Беранек бас бапкер қызметін атқарды.

Аталмыш кездесу бүгін,  9 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 00.45-те басталады. Кездесу «QazSport» телеарнасынан көрсетіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.