Экзитпол: Тоқаев сайлауда топ жарды
Қоғамдық пікір" институты мен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы 10 маусым түнгі 00:01-де экзит-полл нәтижесін жариялады.
00:56 10.06.2019
"Қоғамдық пікірінің" дерегінше, Тоқаев - 70,13 пайыз, Қосанов 15,39 пайыз алған.
"Қоғамдық пікір" экзит-полл нәтижесі:
Жамбыл Ахметбеков - 3,86%
Дания Еспаева - 5,32%
Әміржан Косанов - 15,39%
Төлеутай Рахымбеков - 3,03%
Амангелді Таспихов - 1,41%
Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,13%
Сәді-Бек Түгел - 0,86%
Ал "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі бойынша, Тоқаев - 69,94 пайыз, Қосанов 14,96 пайыз дауыс алған.
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі:
Жамбыл Ахметбеков - 3,06%
Дания Еспаева - 4,78%
Әміржан Қосанов - 14,96%
Төлеутай Рахымбеков - 2,71%
Амангелді Таспихов - 2,63%
Қасым-Жомарт Тоқаев - 69,94%
Сәді-Бек Түгел - 1,92%
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Талғат Қалиевтің айтуынша, экзит-полл 9 маусым таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жүргізіліп, онда сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушы сұралған. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!