Құрылыс краны тұрғын үй кешеніне құлады
Жексенбі күні Далласта (Техас штаты) тұрғын үй кешеніне құрылыс краны құлап, бір адам қаза тауып, алты адам жарақат алды.
09:17 10.06.2019
Бұл жайлы CNN телеарнасы хабарлады. Телеарна мәліметінше, құрылыс алаңында жұмыс істеп тұрған кран қатты жел салдарынан қаланың орталық бөлігінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйге құлаған.
Апат салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам жарақат алды. Даллас және оған көршілес қалаларда соңғы сағаттарда ауа райы қолайсыз болып, бұрқасын жел мен бұршақ жауған. Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы гараждардың бірінде газ жарылып, екі тұрғын ауруханаға түскен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!