Тоқаев Exit poll нәтижесінен кейін мәлімдеме жасады
Сауалнама нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,13 пайыз дауысын алғаны анықталды.
09:40 10.06.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Exit Poll нәтижелері жарияланғаннан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады. Алдын ала мәлімет жарияланғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сенім білдірген барша отандасына алғысын білдірді, деп хабарлады президенттікке кандидаттың ресми сайты.
"Сайлауалды кампанияның өркениетті тұрғыда өткеніне қуаныштымын. Негізінде, бұл сайлауалды жобалардың өзара бәсекелестігі болды. Бұл дегеніміз, Қазақстандағы саяси мәдениет деңгейінің айтарлықтай өскенін айшықтайды. Алда бізде жұмыс көп" , - деді Тоқаев.
Ол республикалық қоғамдық штаб мүшелеріне, белсенділерге және партия жақтастарына электоралды кезеңде атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді. Президенттікке үміткер өткізілген кампанияның ауқымдылығы мен технологиялық артықшылықтарына жоғары бағасын берді.
"Мемлекеттегідей, бүкіл әлемде жағдай өзгерді. Біз халықаралық турбулентті үрдістерге ықпал ету объектісі болдық. Қазақстан әлемдік қоғамдастық мүшесі болғандықтан, оның сыртында не болып жатқанын сезінеді. Біз Қазақстанның болашағы үшін жұмыс істеу үшін бірігуіміз керек" , - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!