{metadescription}
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингте 500-дей адам ұсталды

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингте 500-дей адам ұсталды

ІІМ хабарлауынша, Нұр-сұлтан мен Алматыдағы наразылық кезінде 500-ге жуық адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

“19 мың полицей, ТЖ қызметінің 6 мың қызметкері, волонтерлер жұмысқа шықты. Көшелер мен қоғамдық жерлердегі қауіпсіздікті полиция, әскерилер, Ұлттық гвардияның 10 мың қызметкері қамтамасыз етті”, – деді Қожаев.

Ал сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты болды.

“Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз акциялар өткен жерлерден полицияға шамамен 500-дей адам жеткізілді. Полицияның әрекетіне келсек, барлық шаралар заңға сай өтті, азаматтармен қарым-қатынас кезінде тәртіп сақшылары мейлінше ұстамды болды”, – деді Қожаев.

Тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылған жоқ. Желіде полициядан таяқ жеген, тіпті бір адамның қайтыс болып кеткені туралы қауесеттер жүр – олар шындыққа сай келмейді.

“Полиция өздерін заңға сай ұстады. Адамдарды ұстаған кезде ешқандай құрал қолданған жоқ. Әлеуметтік желіде "адамдар полицияның қолынан зардап шекті, қаза тапты" деген ақпарат шындыққа жанаспайды”, - деді Қожаев.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.