{metadescription}
Павлодарлық тұрғын Тараз автовокзалында есірткімен ұсталды

Павлодарлық тұрғын Тараз автовокзалында есірткімен ұсталды

Тараз полициясы есірткі қылмысына қарсы шаралар жүргізіп жатыр.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жуырда Тараз қаласы автовокзалынан есірткі тасымалдаушы ұсталған.

«Көкнәр-2019» операциясын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы әрекет жөніндегі басқарма қызметкерлері құрамында есірткі бар зат тасымалдаған басқа қаланың азаматын ұстады», - деді Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Есірткі заты салынған сөмкені «Бава» есімді қызметтік тергеуші ит тауып алды. Ұсталған азамат бұған дейін сотты болған Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті азаматтың сөмкесін тексеру барысында жалпы салмағы 21 кг 400 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» тәркіленді, деп жазады ҚазАқпарат. Кінәсін мойындаған азамат Тараз қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 296-бабы, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.