{metadescription}
Миллионер көшелерге билборд орнатып, өзіне жар іздеуде

Миллионер көшелерге билборд орнатып, өзіне жар іздеуде

Өзіне жар тапқысы келген миллионер ерекше әдіс тауып, әлемдік БАҚ-тың назарын аударды.

Есімі құпия сақталған ер адам АҚШ-тың Юта штатында бірнеше жерге билборд орнатып, жар іздеп жүргенін жазған. Миллионер мормондардың, яғни Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуінің аса ірі тармағының ерушісі болып табылады. Өкілдерінің бірі оған болашақ жар іздестірумен айналысуда. Эрин Шурцтың сөзінше, билбордтарға жарнама орнату бақуатты клиентінің идеясы болған. Осылайша, ол көпшіліктің назарын аударғысы келіпті. 

«Ол өзіне жар табу үшін түрлі әдісті қолданып көрді. Алайда оның бәрі сәтсіз болды. Ол шынымен жақсы жігіт. Жасы 35-40-тың шамасында. Айтарлықтай келісті. Бұрын Ақ үйде жұмыс істеген», - дейді Эрин Шурц. 

Қыздар тіркеу кезінде сымбатының қандай екенін көрсетіп, сонымен қатар дінге қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сондай-ақ, олардан өзінің бірнеше суретін жіберу сұралған. Үміткерлермен кездесу 7 маусымда өткен. Алайда Эрин мұның соңғы кездесу емес екеніне сенімді.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.