Алматыда монша өртеніп кетті
Моншаның ағаш конструкциялары таңертең жана бастаған, жалын тұрғын үйді де шарпып кетуі мүмкін еді.
11:10 12.06.2019
Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан монша кешенінің аумағында ірі өрт болды. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңғы сағат 08.09-да Алмалы ауданы Құсайынов көшесіндегі 2 ғимарат монша кешені өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Ауданы 900 шаршы метр кешен мен жеке тұрғын үйді шарпып кетуі мүмкін еді.
Өртті сөндіруге 32 өрт сөндіруші мен 9 көлік қатысты. Олар өрттің басқа ғимараттарға ұласуының алдын алды. Монша маңындағы басқа ғимараттарды жалын жарпыған жоқ. Өрт 09:33-те сөндірілді. Аумағы – 150 шаршы метр. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!