Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кірісті
Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.
11:50 12.06.2019
«Құрметті Елбасы, отандастар, ең алдымен Қазақстан халқына маған білдірген сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл сайлау демократиялық талаптарға сай өтті.
Бүгін әлем жаһанданып жатыр. Бәрі өзгеріп, адамдардың сана сезімі өзгерді, әсіресе жастар өзгерді. Мен жаңа кезеңнің келгенін түсіндім. Қандай елдер дамып, қайсысы керісінше артта қалатынын анықтайтын кезеңге келдік. Біз әлемге ашықпыз, озық технологияларға ұмтыламыз.
Халықты ең алдымен не мазалайды? Азаматтар барлық жерде әділдік болуын қалайды. Халыққа әділ етуін талап етеді, қарыз көлемінің азаюы, теңге девальвациясы, халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азамат банктен несие алуға мәжбүр болды. Осының бәрі халықты мазалайтын сауалдар. Мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар. Сондықтан біз әлеуметтік экономикалық мәселені шешуге жұмыс істейтін боламыз», - деді жаңа сайланған президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаетың зор еңбегін атап өтті.
«Ақиқатын айту керек, бұл сайлауда азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап, дауыс берді. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады. Қазақстанның көк туын дүниежүзінің түкпір-түкпірінде желбіретті.
Осы күндері менің атыма азаматтарымыздан көптеген өтініш-тілек келіп түсуде. Олардың бәрінде бір ғана тілек – Елбасымыздың жолын, стратегиясын сақтау және оны одан әрі нығайту. Шын мәнінде, халықтың дәл осындай өтініш-тілек айтуы заңды, орынды. Себебі қазіргі дамыған Қазақстан – бұл, ең алдымен, Елбасының арқасы.
Елбасы қазақ мемлекетінің негізін қалаушы ұлы тұлға. Ол – жаһандық деңгейдегі мемлекет қайраткері. Әлем тарихына осылай жазылды. Елбасының халқымыз үшін және әлем қауымдастығы үшін сіңірген зор еңбегін құрметтеу – бәрімізге ортақ парыз», - дейді президент.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram