Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанай облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Қостанай облысындағы "Қостанай-Қарабұтақ" тасжолында екі көлік соқтығысты.
14:13 14.06.2019
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті. Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, жол апатына 25 жастағы ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі кінәлі екен. Ол көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытта кетіп бара жатқан Toyota-ға соғылыпты.
"Салдарынан ВАЗ-2112 көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші Қамысты аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда ол есін жинамастан, көз жұмды", - делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, жол апатынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы да зардап шеккен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасы оларға тиісті медициналық көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама жұмыстары тағайындалды. Оның ішінде көліктерді автотехникалық тексерістен өткізу де бар. Тексеріс қорытындысы шыққан соң полиция қызметкерлері ВАЗ-2112 жүргізушісінің неге қарсы бағытқа шыққанын анықтайды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram