Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дәрігерлер сегіз айлық сәбидің асқазанынан түйреуіш алып шықты
Мәскеудегі клиникалардың бірінде дәрігерлер 8 айлық балаға ота жасап, оның асқазанынан түйреуішті алып шықты.
11:32 16.06.2019
Хабарламада 8 айлық баланың анасының алдында отырып, оның киіміндегі үшкір затпен ойнағаны жазылған. Алайда сәби аяқ астынан жөтеле бастапты. Анасы шошып кетіп, оны қолына алған. Сол кезде киіміндегі түйреуіші жоқ екенін көріп, не болғанын бірден түсінеді.
Сәби бірден ауруханаға жеткізіліп, рентген жасалған. Нәтижесінде түйреуіштің оның көкірек қуысында тұрып қалғаны анықталыпты. Дәрігерлер түйреуішті сәбидің асқазанына түсіріп, үшкір емес жағына бұрып, шығарып алды.
Қазіргі уақытта сәбидің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер оны анасымен бірге үйіне жіберді.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram