Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда қонақ үйден өрт шығып, 30-дан аса бала құтқарылды
16 маусымға қараған түні Атыраудағы "Райхан" қонақ үйінде өрт болды.
08:16 17.06.2019
Атырау қалалық 101 кезекші пультіне 16 маусымда 01:19-да Әуезов көшесінің бойында орналасқан қонақ үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
"Ғимараттың жертөлесінде орналасқан саунаның пар бөлмесінде өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сатымен үш баланы құтқарып, 31 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 29-ы балалар", - делінген ТЖ Комитетінің хабарламасында.
Құтқарылғандар мен сыртқа шығарылғандар Оралдан жарысқа келген балалар. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрт 02:33-те толығымен сөндірілді. Өрт аумағы - 9 шаршы метр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram