Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Синоптиктер 18-20 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады.
14:45 17.06.2019
Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Синоптиктер мәліметінше, еліміздің шығыс жартысына Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронттардың жылжуы жалғасады. Соның әсерінен алдағы үш тәулікте кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.
Сондай-ақ найзағай кезінде күшті екпінді жел соғады деп күтіледі. Мамандар күндізгі уақытта бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр. Ауа температурасы климаттық нормадан төмен сақталады. Ал Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарына жоғарғы атмосфералық қысым аймағы таралып, салдарынан аздаған бұлтты және ыстық ауа райы күтіледі.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram