Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қылмыстық істі тоқтату үшін 4 млн теңге алған тергеуші сотталды
Жамбыл облысында экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі үш жылға бас бостандығынан айырылды.
01:04 18.06.2019
Жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлтық бюро облыстағы СҚЖД-нің аға тергеушісі Мақұлбек С. мырзаның алаяқтыққа қатысты тергеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Хабарламада айтылғандай, тергеуші Мақұлбек Ж. есімді азаматтан өзінің қарауында жоқ қылмыстық істі тоқтату үшін 4 миллион теңге алған.
"6 маусымда Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен тергеуші үш жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар 6-класты біліктілік санаты алынып тасталды" - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram