Жаңа министр «әнұран», «сынып» деген сөздер қолданыстан алынатынын айтты
Ақтоты Райымқұлова үш мыңнан астам термин қайта бекітілгенін атап өтті.
10:08 21.06.2019
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова терминдерді өзгерту шаралары туралы әңгімеледі. Министрдің айтуынша, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді. Осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-нан астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді, деп хабарлайды Sputnik.
«Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. «мұражай» деген сөз «музей» болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер», – деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде.
Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина, теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал «әлеует» деген «потенциал» болып қайта өзгертілді.
«Бүгінде «Termincom.kz» сайтының негізінде терминологияның қазіргі жағдайы мен негізгі қағидалары туралы ақпараттандыру үшін электронды платформа іске қосылды», - деп атап көрсетті Райымқұлова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!