Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандағы жол құрылысынан үш жылда 2.7 млрд теңге ұрланған
Биыл Қазақстанда шамамен 4 500 шақырым тас жолда жөндеу жүргізу жоспарланған.
17:59 21.06.2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекетті шығынға түсірген жүзге жуық дерек ашты. Жол құрылысынан жеген 55 азамат жауапқа тартылып, оның 24-і қазір сотталған. Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Алматыжоллаборатория" директоры жол құрылысында пайдаланылатын материалдарды арзан түріне ауыстыруға келісім бергені үшін 2 млн теңге пара алып, енді оған 40 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
"Павлодаржоллаборатория" жетекшісі, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалы мен оның орынбасарының ісі сотқа берілді. Шенеуніктер мердігер ұйымдар өкілдерінен жүйелі түрде пара алып отырған. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директорына да жүйелі түрде пара алған деген күдік түсті. Биыл Қазақстанда шамамен 4 500 шақырым тас жолда жөндеу жүргізу жоспарланған.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram