{metadescription}
ҰБТ: 3,5 мың адам шекті балл жинай алмады

ҰБТ: 3,5 мың адам шекті балл жинай алмады

Елімізде өтіп жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы легінде 3400-ден астам түлек ең төменгі балды еңсере алмады.

Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнін қорытындылады. 

«Жалпы бірінші лекте тест тапсыруға 13068 түлек  өтініш берді. Соның 97 пайызы сынаққа қатысты. Оның ішінде 11 361 түлек - қазақ тілінде, 1411 түлек - орыс тілінде. ҰБТ еліміздің 6 өңірінде өтті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында барлығы 39 тест тапсыру бекеті жұмыс істеді», - деді министрлік өкілі.

Ол 20 маусымда ұлттық тестілеу орталығының call-центріне ҰБТ өткізу мерзімі, тамызда өтетін тестілеу және ҰБТ нәтижелері туралы 34 қоңырау келіп түскенін айтты.

«Бірінші лек бойынша қатысушылардың 76,5% шектік деңгейден өтті. Ең жоғары балл - 137 балл. Биылдан бастап әкімдіктерден ҰБТ нәтижесі бойынша рейтинг жасамауды сұрадық. Сол себепті орташа балл мен ең төменгі балл есептеген жоқпыз. Бүгін сағат 13:00 бастап апелляциялық комиссия жұмысын бастады. Жалпы ҰБТ бірінші күні штаттық режимде жақсы өтті», - деді ол.

ҰБТ алғашқы легінде республика бойынша өту ұпайынан асқандар саны - 9 338, ал шекті балл жинай алмағандар саны 3 434 адамды құрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.