Алматыда әйел үш ер адамды өзін жабылып зорлады деп айыптады
Облыстық полиция 40 жастағы әйелді топпен зорлаған күдіктілерді қолға түсірді.
01:05 22.06.2019
Оқиға 19 маусымда орын алған. 40 жастағы әйел Еңбекшықазақ аудандық полициясына шағымданып, өзінің зорланғанын айтқан. Ол күдіктілердің белгілерін сипаттап беріпті. Анықталғандай, жәбірленуші күдіктілердің бірімен таныс болған, деп хабарлайды stan.kz. Ол 1992 жылғы жергілікті тұрғын екен. Әйелдің сөзінше, оны Есік қаласындағы қонақ үйлердің бірінде зорлаған.
Полиция үш күдіктіні анықтап, екеуін тұтқындады. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Әзірге үшінші күдікті іздестіріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!