Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Таразда бір түнде 12 кальян шегуші анықталды
Таразда құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында 10 көңіл көтеру орнына қатысты тексеру жүргізілді.
12:07 22.06.2019
Рейдтер Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен және Тараз қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлескен түрде өтті, деп жазады ҚазАқпарат. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК 441-бабына сәйкес (Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу), әкімшілік құқық бұзушылықтың 12 дерегі анықталды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 6 «Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159-бабының 5-тармағына сәйкес, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғаны туралы ақпараттық парақшалар таратылды»,- делінген ведомоствоның хабарламасында.
Сондай-ақ, шара барысында Тараз қаласындағы кафе-барлардың әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабы және 423-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram