Алматыда Денис Тенге ескерткіш тұрғызылды
Алматыда белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге мүсін орнатылды.
15:13 22.06.2019
Ескерткіш спортшы қаза тапқан жерге тұрғызылды. Денис Теннің мүсіні қоладан, тұғыры граниттен жасалған. Биіктігі - 2,4 метр. Мүсін Денистің қола медаль жеңіп алған Сочи Олимпиадасының финалдық бағдарламасын орындап тұрған сәтін өрнектеп тұр. Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысына орнатылған ескерткіш - Санк-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкиннің туындысы. Ол бұған дейін оңтүстік астанаға тағы бір еңбегін - Виктор Цой мүсінін арнаған болатын.
«Біз Оксана Алексеевнаға алғыс айтамыз, өйткені әрбір деталь, штрихына дейін соның қадағалауында болды», - дейді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.
Ол Денис Теннің анасымен біріге спортшы туралы кітап шығарылатынын, күзде оның құрметіне турнир ұйымдастырылатынын жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары