{metadescription}
Елордада екі қабатты үй өртеніп, әйел күйіп қалды

Елордада екі қабатты үй өртеніп, әйел күйіп қалды

Елорданың Сарыарқа ауданына қарасты Медеу көшесінде қос қабатты жатахана өртеніп, әйел адамды күйік шалған.

Оқиға кешкі сағат 20.00 шамасында болған. Өрт сөндірушілер келгенде жатақхананың шатыры жанып жатқан. Қызыл жалын жатақханаға жапсарлас тұрған үйге де жайыла жаздаған.

«Сағат 20.12-де өрт ауыздықталып, 20.45-те толық сөндірілді. Жалпы ауданы 100 шаршы метр аумақ өртенді. Күйік шалған 1977 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды. Жалынды ауыздықтауға елордалық төтенше жағдайлар департаментінен  23  қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпаратта.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде