Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстау облысында дәрігерлер басы жарылған 3 айлық нәрестеге ота жасады
Маңғыстау облысында үш айлық нәресте Бейнеу аулынан санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
14:39 27.06.2019
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, 25 маусымда үш айлық қыз «Бас сүйек-мидың жабық жарақаты, еңбек сүйегінің сынуы, мидың зақымдалуы, 1-дәрежедегі қаназдық» диагнозымен балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.
«Балалар ауруханасының дәрігерлері бас сүйегінің үстіңгі бөлігіндегі ойықты бітеу үшін 30 минут көлемінде ота жасады. Нәрестеге Ербол Кенжевалов пен Қазбек Шүкіров, анестезиолог Қазбек Келеманов ота жасады. Абырой болғанда, ота сәтті өтті. Қазіргі уақытта нәресте өзін жақсы сезінеді. Ем алып жатыр», - дейді Азамат Сәрсенбаев.
Ата-анасының сөзінше, нәрестенің 11 жастағы ағасы оны қолына алып, әткеншекте тербеле бастаған. Сол кезде аңдаусызда оны құлатып алыпты. Ата-анасы нәрестені бірден ауруханаға жеткізген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram