Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда украиналықтардың ағза мүшелері заңсыз сатылған
Саудаланған органдардың құны 10 – 150 мың доллар шамасында болған.
15:12 27.06.2019
Украинаның ұлттық полициясы азаматтарының Қазақстанда ағза мүшелерін сатуға мәжбүр екенін жеткізді. Бұл туралы ведомство басшысының орынбасары Вячеслав Аброськин айтты. 20-ға жуық осындай заңсы әрекет тіркелді. Украиналықтар өз бүйрегін саудалаған. Бұл істі полиция тексеріп жатыр.
Ведомство мәліметіне сәйкес, бір бүйрек үшін шамамен 150 мың доллар төлеген. Ер адамдардың бірі науқас әйеліне ота жасату үшін бүйрегін сатқан екен. Ал енді бірі өмір сүруіне осындай жолмен ақша тапқан.
"Бұл жерлестеріміз жай ғана орган ұсынушылар. Ал мұның артында ұйымдасқан халықаралық қылмыстық топ тұр. Олар адамның қайғысын пайдаланып, ақша жасап отыр", - деді Украинаның ұлттық полиция қызметі.
Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар бірнеше адамды ұстады. Олардың арасында дәрігер-трансплантолог та бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram