{metadescription}
Шығыс Қазақстанда он екі вагон рельстен шығып кетті

Шығыс Қазақстанда он екі вагон рельстен шығып кетті

Теміржолшылар қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ екенін хабарлады, дегенмен алты пойыз кестеден кешіккен.

Ақтоғай – Аягөз учаскесінде он екі вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады "ҚТЖ-Жүк тасымалы"акционерлік қоғамының баспасөз қызметі. Оқиға 27 маусым күні сағат 16.20-да болған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ, деп атап өтті компания.

Аягөз және Ақтоғай станцияларында қалпына келтіру пойыздары дереу оқиғаның зардаптарын жоюға кіріскен. Шығыс Қазақстан облысындағы теміржол апаты салдарынан алты жолаушылар пойызы – № 301 Новосибирск – Алматы, № 351 Өскемен – Алматы, №311 Семей – Нұр-Сұлтан, №459 Өскемен - Достық, №32 Алматы – Павлодар, №22 Қызылорда – Семей пойыздары уақытынан кешікті.

Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себебі тергеліп жатыр.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.