Арыс жұрты өз үйлеріне қайта бастады
Таңертеңгі сағат алтыдан бастап Шымкенттегі 53 эвакуациялық пункттен Арыс тұрғындары өз үйлеріне оралуда.
09:37 28.06.2019
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 8:00-ге дейін бас-аяғы 78 автобус пен қоғамдық көлік аттанып кеткен. Арысқа кеткен қоғамдық көліктерде шамамен 5 жарым мыңға тарта адам отырғызылған. Мәселен, орталық мешіттен 15-ке тарта қоғамдық көлікпен 400-ден аса мініп кетті.
Ол азаматтар осы жердегі ағайын-туыстарының үйлерінен келіп, кетіп жатқандар болатын. Сондай-ақ, Арысқа қайтушылардың қатары уақыт санап өсуде. Бұдан басқа өздерінің көліктерімен кетіп жатқан азаматтар да бар.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары