{metadescription}
БҚО-да 14 жастағы қыз суға батып кетті

БҚО-да 14 жастағы қыз суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы қыз суға кетті.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында болды. Сағат 17.00-де жасөспірім Ядовитая көлінің рұқсат етілмеген жерінде шомылып, суға кеткен, деп жазады ҚазАқпарат. Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 5 қызметкері жұмыс істеп, 20 минуттан кейін марқұмның денесін судан алып шықты.  

Жыл басынан өңірде 22 адам суға кетсе, соның бесеуі - балалар. Жеткіншектер суға түсуге көбіне ересектердің қарауынсыз барады. Ал оның арты орны толмас қайғыға айналуы мүмкін.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.