{metadescription}
Атыраудағы көтеріліс: Зардап шеккендерге қатысты жаңа мәлімет жарияланды

Атыраудағы көтеріліс: Зардап шеккендерге қатысты жаңа мәлімет жарияланды

Теңіздегі тәртіпсіздіктердің салдарынан 45 адам медициналық көмекке жүгінді.

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

"Тұтастай алғанда, әртүрлі сандар бар екендігін естіп жатырмын бүгінгі күні. "Теңізшевройлдың" мәліметінше, 45 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінді. Олар негізінен ССЕР компаниясы қызметкерлері, олардың ішінде компанияның басқа да қызметкерлері бар, төрт қазақстандық бар", - деді Досмұхамбетов.

Айтуынша, 45 зардап шеккендердің 22-іне медициналық көмек қажет болды. Оларды Атырауға алып кетті.

"Кеше кешке дейін ауруханада бірде бір адам қалған жоқ. Бәрі қажетті көмекті алды. Ұзақ уақыттық емді қажет ететін елеулі жарақаттар болмады. Бәрінің жағдайы жақсы, менің білуімше", - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 29 маусымы Атырауда мұнайшылар шеруге шығып, бірнеше жұмысшы жарақат алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.