{metadescription}
Ұлын өлтіріп сотталған ана түрмеден шыққан соң қыз туып, оны да өлтірген

Ұлын өлтіріп сотталған ана түрмеден шыққан соң қыз туып, оны да өлтірген

Ресейде жас келіншек бірінші баласын балалар үйіне өткізіп, екіншісін пышақтап тастаған.

Ал үшіншісін қонақүйде унитазға ағызып жіберіп, тергеушілерге баланың өлі туғанын айтқан. Келіншектің өзі балалар үйінде өскен. Ол бірінші баласын интернатты бітірген соң туып, балалар үйіне өткізген.

Екіншісін 2015 жылы үйде босанып, бірден құтылуды ойлаған. Шақалақты шүберекке орап, бірнеше жерінен пышақтаған. Кейін мәйітін қоқысқа тастаған. Бұл қылмыс  жергілікті тұрғындардың көмегімен анықталған. Олар келіншектің ішінің жоқ болып кеткенін байқаған. Ал баланың қайда кеткенін ешкім біле алмаған.

Тергеу кезінде ол бала өлі туған соң жергілікті мазарға жерлегенін айтқан. Тергеушілер мазарды көрсетуін сұрағанда ол баланы қоқысқа тастағанын мойындаған. Оның «өкінгенін» ескере отырып, сот оны бір жыо тоғыз айға бас бостандығынан айырған. Ол 2017 жылы бостандыққа шығып, еркін өмірін тағы бастаған. Көңілдестерін қолғапша ауыстыра бастаған. Ол кезде өзі қонақүйде еден жуушы болып жұмыс істеп жүрген.

Сол жерде де шертиіп жүрген іші бір күні жоқ болып кеткен. Қонақүй директоры сұрақтың астына ала бастағанда ол тағы да баланың өлі туғанын, мәйітін унитазға ағызып жібергенін айтқан. Директор дереу полицияға хабарласқан. Тергеушілер кәріз жүйесінен баланың мәйітін шығарып алған. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады. 

Дереккөз: reactor.inform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде