{metadescription}
Павлодар әкімі қымбат жиһаз аламын деп қызметінен айырылды

Павлодар әкімі қымбат жиһаз аламын деп қызметінен айырылды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аппараттық кеңесте Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевті қызметінен шеттетті.

Ол қала басшысының өз сенімін жоғалтқанын айтты. Бұған дейін қала әкімінің орынбасары болған Ермұрат Нұрханов Павлодар әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Облыс басшысы Әнуар Күмпекеевті қызметінен босатып, сенімін жоғалтқанын айтты. 

Бақауовтың сөзінше, бұл құны шамамен 50 млн теңге болатын қымбат пәтердің сатып алынуымен байланысты. Сонымен қатар осы жағдайдан кейін әкімдікке 6 миллион теңгеге жиһаз сатып алынған. Өңір басшысы аталған екі дерек бойынша Күмпекеевке сөгіс жариялады.

«Әнуар Күмпекеев мемлекеттік саяси қызметкер ретінде сенімімді толықтай жоғалтты. Президент әкімшілігіне тиісті құжаттар жіберіледі», - дейді Бақауов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.