{metadescription}
Бірнеше облыста ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ескерту жарияланды

Қазгидромет ескерткендей, 3 шілдеде кей өңірдерде ауа райы күрт бұзылады

Қазгидромет синоптиктері 3 шілдеге ауа райы болжамын ұсынды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ елордада ауа-райы күрт бұзылатыны туралы дабылды ескерту жарияланған.

"Қазақстанның солтүстік пен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Ал оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Республиканың оңтүстік-батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз болады", - деп хабарлайды метеоқызмет.

Сонымен бірге 3 шілдеде жел күшейіп, бұршақ жаууы да әбден мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа-райы

3 шілде күні Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнап, жел соғады. Бұршақ түседі. Ауа температурасы 22-23 градус жылы болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 23 м/с.

Алматыда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Күндіз термометр 18-23 градусқа дейін нөлден жоғары көтеріледі.

Ал Шымкентте 28 градус ыстық болады. Синоптиктердің болжамы бойынша, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Өңірлердегі ауа-райы

3 шілде күні Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, дауыл соғады. Сондай-ақ бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні - 28-30 м/с.

Қостанай облысының тұрғындарына да қолшатыр ұстауға тура келеді. Ертең өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні, әсіресе, түнде 23 м/с дейін жетеді.

Таңертең Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында күн бұзылады. Бұл өңірлерде де найзағай ойнап, жел соғады.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.