Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайдағы мектепте шу: Тоқаев тапсырма берді
Жергілікті билік қаладағы жалғыз қазақ мектебін бұрынғы колледж ғимаратына көшірмекші болған.
13:00 03.07.2019
Деректер бойынша, бұл мекеме – Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектеп. Сырбай Мәуленов атындағы №24 бастауыш мектепті Бородин көшесіндегі бұрынғы Қостанай кәсіптік-техникалық колледжінің ғимаратына көшіргелі жатыр деген ақпарат тараған болатын. Ал мектептің ғимаратын балабақшаға айналдыру жоспарланған екен. Алайда оқушылардың ата-аналары жергілікті биліктің бұл бастамасына қарсы шықты.
«Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram