{metadescription}
«Ешқашан қайтып келмеймін»: Теңізде жәбірленген арабтар үйлеріне келді

«Ешқашан қайтып келмеймін»: Теңізде жәбірленген арабтар үйлеріне келді

Амман қаласына ұшып келгендерді Алия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Аль Хусейн ибн Абдалла II ханзаданың атынан Иордания сыртқы істер министрі Айман Сафади күтіп алды.

Тілшінің сұрақтарына жауап берген иорданиялықтардың ішінде біздің елімізге ешқашан келмейтінін айтқандар да болды. Consolidated Contractors Company (CCC) компаниясында жұмыс істеген иорданиялық қызметкерлер жергілікті басылым тілшісіне сұхбат беріп, қазақстандықтармен қақтығысы жайында сөз қозғады. 

Сұхбат барысында қала тұрғындарының бірі ханзада Әли бин әл-Хусейнге және Иорданияның Сыртқы істер министріне жұмысшыларды үйлеріне аман-сау жеткізуге талпынғаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, ол жарақаттанған азаматтардың жанұяларына олардың жағдайлары жақсы екенін, алынған жарақаттардың үлкен емес екенін айтты. 

Бір қала тұрғыны ливандық жігіттің желіге жүктеген суреті Қазақстандағы үлкен даудың басталуына түрткі болғанын растады. Қазақ жұмысшыларының шетелдік әріптестеріне шабуыл жасауының себебі де осы болғанын тілге тиек етті. Ол Қазақстанға ешқашан қайтып барғысы келмейтінін, өз елінде қалғысы келетінін жасырмады. 

Жәбірленген тағы да бір жігіт арабтар суреттің кесірінен соққының астында қалғанын растады. Сондай-ақ, оның айтуы бойынша арабтарға Consolidated Contractors Company компаниясының қызметкерлерінен бөлек, өзге де азаматтар шабуылдаған. 

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде