Таксидегі жолаушылар жолақы үшін төбелескен
Кировта такси жолаушылары жолақы үшін жұдырықтасқан.
18:38 03.07.2019
Бастапқыда таксиде келе жатқан масаң жолаушы жүргізушіге жолда тұрған қыз бен жігітті «ала кетейік» деген. Жүргізуші ортақ жолақының 200 рубль болатынын айтқан. Сол кезде бірінші мінген жолаушы ақша төлемейтінін айтқан.
Кейін мінген қыз бен жігіт жолақыны төлегенімен, бірінші жолаушыға боқауыз сөз айтқан. Сол кезде бірінші жолаушы көліктен шығып, артқы есікті ашып, артында отырған жігітті төмпештей бастаған. Олардың төбелесі көшеде жалғасқан.
Жігіт жарақат алған. Оқиға орнына құқық қорғаушылар жеткен. Зардап шеккен жігіт ауруханаға жеткізілген. Қазір жігітті ұрып тастаған бірінші жолаушыны полиция іздестіруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!