Аралда жанартау атқылап, одан қашқан туристердің біреуі қаза тапты
Италияның Стромболи аралында жанартау атқылап, бір турист қаза тапты.
09:04 04.07.2019
Аралды күл басып қалды. Турист жанартау шыңына шыққан сәтте атқылай бастаған, деп мәлім етті италиялық Анса агенттігіне Липари қаласының мэрі Марко Джорджанни. Турист құлаған тастың астында қалып қойған, деп хабарлады Рейтер агенттігіне құтқару қызметінің өкілі.
Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, тау баурайында екі лава атқылап ағып жатыр. Аспаннан шашыраған күлдің салдарынан аралда бірнеше өрт шықты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!