{metadescription}
Павлодарда көшедегі дәретханаға 2 жасар қыз құлап кетті

Павлодарда көшедегі дәретханаға 2 жасар қыз құлап кетті

Оқыс оқиға Алматы көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған.

«3 шілде күні сағат 13:25-те Алматы көшесі, 22 мекенжайы бойынша Павлодарда ауладағы дәретханаға екі жасар қыз құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына бір техникалық құрал мен 4 құтқарушы келіп жетті. Құтқарушылар дәретхананың еденін ашты. Альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төмен түсіп, баланы алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шақыру түскеннен кейін сегіз минуттан соң келіп жетті», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында.

Оқыс оқиға болған жерге жедел жәрдем қызметі шақырылды. Бүлдіршін облыстық аурухананың соматикалық бөлімінде жатыр. Оның дәретхана шұңқырында қанша уақыт жатқаны белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.