Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Гондурас жағалауында кеме апатқа ұшырап, 26 адам ажал құшты
Гондурас жағалауында балық аулайтын кеменің апатқа ұшырауы салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тапты.
10:38 04.07.2019
Бұл туралы сәрсенбі күні La Tribuna газеті республиканың қарулы күштерінің өкілі Хосе Доминго Месуге сілтеме жасап хабарлады. Оның дерегі бойынша, кеме бортында барлығы 73 адам болған. Соның ішінде 47-сі құтқарылған. Лонгустарды аулаумен айналысатын кеме Грасияс-а-Дьос департаментінің солтүстік бағытында суға батқан.
Құтқару операциясы жергілікті уақытпен сәрсенбі күні таңертең басталған. Кеменің неліктен апатқа ұшырағаны әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram