Көп күлген бір жылар: іші пысқан тараздық жігіттер апатқа ұшырады
Полиция жол ережесін бұзған жүргізушілерді жауапкершілікке тартты.
13:39 04.07.2019
Тараз қаласында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды. Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 шілде күні сағат 20:00-де Тәуке хан көшесінде болған. Өңірдің полиция департаменті хабарлағандай, "Тараз" аркасы маңында Toyotа Camry артпен жүріп, "ВАЗ 2114" автомобилін соққан.
Полиция Toyotа Camry жүргізушісіне қатысты Қазақстанның әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы (Жүргiзушiнің жол жүру ережесін бұзып, адамдардың денсаулығына зиян келтiруі, көлiк немесе өзге де мүлiктi бүлдіруі), 590 баптың 2-бөлімі (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ, пайдалануға тыйым салынғаннан немесе заңға сәйкес тiркелмеген көлiкті жүргізу) және 593 баптың 1-бөлімі (Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесін сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Ал "ВАЗ 2114" жүргізушісінің үстінен 593-бап 1-бөлімі бойынша (Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесін сақтамау) әкімшілік хаттама толтырылды. Екі автокөлік те айыппұл тұрағына қойылыпты.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!