{metadescription}
Ерлі-зайыпты асырап екі мүгедек баланы асырап азаптап өлтірген

Ерлі-зайыпты асырап екі мүгедек баланы асырап азаптап өлтірген

Кемеров облысында жантүршігерлік оқиға орын алды.

Ерлі-зайыптылар ақыл-есі кем балаларға арналған интернаттан бір қыз бен екі жасөспірім ұлды асырап алған. Өздерінің туған екі баласы болған. Бірақ кейін екі жасөспірім ұлды азаптап өлтіріп, мәйіттерінен құтылған. Бастапқыда бұл қылмыс туралы ешкім білмеген. Тек 2016 жылы 17 жастағы жасөспірімнің көптен бері көрінбей кеткенін аңғарған. Бірақ ерлі-зайыптылар да, қамқоршылық органдары да баланың жоғалғаны туралы арызданбаған.

Тексеріс басталған. Сол кезде жасөспірімнің 2015 жылы жоғалып кеткені анықталған. Бірақ бұл кезде ерлі-зайыптылардың кінәсін дәлелдейтін дәйек болмаған. Бірақ тексеріс барысында ерлі-зайыптылардың балаларды ұрып-соққаны анықталған. Сол кездері ерлі-зайыптылар Краснодар өлкесіне барған. 16 жастағы екінші бала жоғалып кеткен.

Олар баланың өзінен қашып кеткенін айтқан. Құқық қорғаушылар баланың мәйітін үйге жақын жердегі балшықтан тапқан. 43 жастағы күйеуі Евгений Крайнов әйелі екеуі балаларды өлтіріп, мәйіттерінен құтылғандарын мойындаған. Әйелі Елена Крайнова сол күйі кінәсін мойындамаған. 2016 жылдың қыркүйегінде ерлі-зайыптыларды тұтқындаған.

Олар бірінші баланың мәйітін жағып жіберген. Евгений 16 жылға, Елена 15 жылға сотталған. Олар өздерінің екі баласы бола тұра интернаттан ақыл-есі кем балаларды не үшін алған деген сұрақ туындайды.

2015 жылы Кемеров облысының әкімшілігі облыста екі және одан көп мүгедек бала асырап алған отбасыларға үй алу үшін жәрдемақы тағайындайды. Егер отбасы бір бала асырап алса баспанасын жақсартуға 500 000 рубль алады.

Сол жылы әкімшілік әр мүгедек балаға 100 000 рубль мөлшерінде бір реттік жәрдемақыны тағы тағайындайды. Бұдан бөлек бұл отбасылар көп балалы отбасылар ретінде басқа да жеңілдіктерге ие болады. Ал қамқоршылық органдары бұл отбасыға балаларды бергеннен кейін тексеріп отырмаған.

Дереккөз: reactor

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.