Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Қазақжолқұрылыс» директоры пара бергені үшін 30 млн теңге айыппұл төлейді
«Қазақжолқұрылыс» директоры компаниялардың бірінің басшысына пара бергені үшін 30 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
16:52 04.07.2019
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимал тергеу департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.
«Биыл маусымда «Қазақжолқұрылыс» ЖШС директоры З. Дощановқа қатысты 30 млн теңге сомасында ірі айыппұл төлеу үкімі шықты. Ол «Жол лаборатория» Алматы тексеру компаниясының директорына екі миллион теңге сомасында пара берген. Оған жол құрылысы кезінде материалдарды арзан заттарға өзгертуге келіскені үшін айыппұл салынды», - деп хабарлады Данияр Биғайдаров.
Оның айтуынша, З.Дощановтың өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызмет атқаруына тыйым салынды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram