Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды
Қазақстанда 6 шілдеде Елорда күні аталып өтеді.
12:35 05.07.2019
Биыл Нұр-Сұлтан қаласына 21 жыл толды. Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп жатыр. Нұр-Сұлтан орталығында көтерілген мемлекеттік ту Елорда күнін атап өту шараларының басталғанын білдіреді.
"Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік" деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтіп жатыр", - деді Тоқаев өз сөзінде.
Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғары оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтар тапсырды. 3 күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram