{metadescription}
Арыс апаты: Екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Арыс апаты: Екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникацилар қызметінде Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен науқастардың хал-жағдайы туралы айтты.

Министрдің айтуынша, апат болған 24 маусымнан 5 шілдеге дейін 410 арыстық медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

«Жалпы жиыны 410 адамға медициналық көмек көрсетілді. 82-сі стационарға жатқызылды. Оның 12-сі - бала. Қазір 63 науқас емделіп, үйлеріне шықты. 19 адам әлі жатыр. Соның ішінде 2 адамның жағдайы өте ауыр. Екеуінің де диагнозы - ауыр ми жарақаты. 7 жасар бала Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 балалар аурханасында. Тағы бір жас жігіт Түркістандағы облыстық балалар ауруханасында жатыр», - деді Елжан Біртанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.