Қанат Ислам қарсыласын 14-секундта нокаутқа жіберді
Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын 14-секундта нокаутқа жіберді.
10:15 06.07.2019
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0,20КО) доминикандық Хулио де Хесусті (27-1,25КО) бір соққымен нокаутқа жіберді. Жанкүйер қауым асыға күтен кездесу бар болғаны 14 секундта аяқталды.
Балуан Шолақ атындағы бокс кешінде Қанат қарсыласын қауіпті соққылардың астына алған болатын. Онысы нәтижесін көп күттірмеді де. Ауыр соққыдан ес жия алмаған доминикалық боксшы жер жастануға мәжбүр болды. Бірінші раундтың 14-секундында келген бұл жеңіс Қанаттың кәсіпқой бокстағы 26-ыншы сәтті жекпе-жегі ретінде тарихқа енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!