Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қара теңізде 55 адам болған кеме аударылды
Қара теңіз алабына жататын Джубга өзенінің теңізге құяр сағасында жұмаға қараған түнде аударылып кеткен кеменің бортында 55 адам болған.
17:27 06.07.2019
Бұл туралы Туапсин ауданының басшысы Анатолий Русинге сілтеме жасап, ТАСС агенттігі хабарлады.
«Полицияның анықтауынша, апатқа ұшыраған катамаранның бортында 55 адам болған, соның 15-і - бала», - дейді Русин.
Құтқарылғандардың ешбірі медициналық көмекке зәру болмаған. Оның сөзіне қарағанда, оқыс оқиға жағажай аумағында болмаған.
«Ол теңіз саяхаты еді, жағажайдың аумағы қоршалмаған», - дейді ол.
Келеңсіз жағдай жұма күні кешкісін болған. Апат салдарынан екі адам қаза тапты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кеменің иесі мен капитан ұсталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram