{metadescription}
0:000:00

Жаңқош Тұраров қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBO титулын жеңіп алды

Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті.

Шараның басты айқасы - қазақстандық Жаңқош Тұраров (23-0, 16 КО) пен аргентиналық Максимилиано Годой (31-4-1, 16 КО) арасындағы жекпе-жек болатын. Жанқош Тұраров аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (айқын басымдықпен ұтып, кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы WBO Inter-Continental титулы сарапқа салынды.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланғанмен, отандасымыз қарсыласын 3 раундта нокдаунға жіберді. Осыдан кейін аргентиналық боксшы жекпе-жекті жалғыстырудан бас тартты. Осылайша, Тұраров WBO Inter-Continental чемпиондық белбеуіне ие болды.

Бұл - 28 жастағы Жаңқош Тұраровтың 24-ші жеңісі. Ол қарсыластарын 17 рет нокаутпен жеңген. Әлі бір де бір рет жеңілмеген. Ал 29 жастағы Годой 34 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. Бұл - оның бесінші жеңілісі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде