{metadescription}
Универсиада-2019: Қазақстанның қоржынына тағы бір медаль түсті

Универсиада-2019: Қазақстанның қоржынына тағы бір медаль түсті

Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті.

Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядындағы жаттығудан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Нариман іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтаған болатын. Финалда ол 14.700 ұпай жинап, күміске қол жеткізді. Алтын медаль 15.400 ұпаймен топтан қара үзіп кеткен тайпейлік Ли Чи Кайдың еншісінде. Қола жүлдені 14.500 ұпай жинаған жапониялық Кая Казюма иеленді.

Еске сала кетейік, кеше спорттық гимнастикадан көпсайыс бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Милад Карими бесінші орынға табан тіреді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде